Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Үстіміздегі жылы қазақстандық өнімнің Ұлыбританияға экспорты 35,1% артты - ИЖТМ

2013 жылдың қаңтар-шілдесіне Қазақстаннан Ұлыбританияға экспорт 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35,1% өсті, деп хабарлады Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
Әлемде18 Қыркүйек , 14:07

"Қазақстаннан Ұлыбританияға экспорты 1,17 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 35,1%-ға артық", - деп хабарланған ведомство мәлімдемесінде.

Бұдан өзге, ИЖТМ мәліметінше, Ұлыбританиядан импорт бұл кезеңде 323,8 млн долларды құрады, бұл өткен жылға қарағанда 3,8%-ға аз. 

Жалпы алғанда бүгінгі таңда Ұлыбритания Қазақстанның негізгі инвесторларының үштігіне кіреді.




Яндекс.Метрика