Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Ұлыбритания қазақстандық бизнесмендерге виза беруді жеңілдетті - Ч.Хэндри

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Ұлыбританияға бизнес-виза алу процедурасы жеңілдетілді, деп хабарлады Премьер-министрдің сауда елшісі Чарльз Хэндри қазақстандық-британдық сауда-өнеркәсіптік кеңестің 17 отырысы барысында.
Казахстан18 Қыркүйек , 13:51

«Біз енді пилоттық негізде виза берудің арнайы бағдарламасын жүргіземіз, оның аясында Қазақстан азаматтарына бизнес-виза беруге бар-жоғы екі-үш күн қажет болады», - деді Чарльз Хэндри. 

Бүгін 16 қазақстандық компания осы бағдарлама бойынша визаға құжаттарын тапсырды, олардың 10-ы визаларын алды.
Ол аталған бағдарлама Ұлыбритания Премьер-министрінің Қазақстанға сапары кезінде жарияланғанын атап өтті.

«Бұл бағдарламаны әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз, мерзімдер шектелмеген. Менің білуімше, осы бағдарлама бойынша 150-ге жуық виза берілген. Тағы бір жағымды жаңалық - қазан айынан бастап Астана мен Лондон арасында тікелей әуе рейстері ашылады, оны Air Astana компаниясы жүзеге асырады. Көптеген бағыттар бойынша өрлеу жүріп жатқанын көріп отырмыз», - деп толықтырды британдық үкімет басшысының өкілі.




Яндекс.Метрика