Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

Павлодар облысының жастарына «Қазақстандағы жұмыс» интернет-порталының тұсаукесері ұйымдастырылды - ҚР ЕХӘҚМ

Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының саясаттық Доктринасын түсіндіру мақсатымен Павлодар облысына барған сапарында «Қазақстандағы жұмыс» интернет-порталының тұсаукесерін өткізді, деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодар18 Қыркүйек , 13:45

«Кездесуде Министр Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған «Қазақстандағы жұмыс» интернет-порталының тұсаукесерін өткізді. Сайтта жұмыс берушілер мен іздеушілер жайында ақпарат берілген», - деп министрлік хабарламасында көрсетілген.

Сонымен қатар, жұмыс берушілер бос орындарға байланысты онлайн режимінде кездесулер ұйымдастырды. Жиын барысында Павлодар облысының жастары жұмысқа шақырылды.

Байет ауылдық округінде Тамара Дүйсенова «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушылары мен ауылдық округтің әкімдік активтерімен кездесті. Оған қоса, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік инвестицияларды ауылдық округтарда бөлу сұрағы талқыланды.

Министрліктің баспасөз қызметі хабарламасында ауылдардың қарқынды даму сұрағы қарастырылды деп нақтыланған. Бұл жерде тек «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша ғана емес, өзге де мемлекеттік бағдарламалар арқылы елді-мекендерді дамыту жоспарлануда.

Инвестицияларды тарту үшін ауыл әкімдері елді-мекеннің кешенді дамуының жоспары мен дамудың шеберлік жоспарын құрастыруы тиіс. Салалық бағдарламаның белсенді қатысушылары жастар болады.

 




Яндекс.Метрика