Евразиялық одақ

Қазақстанда ЕАЭО аясында Ресей және Беларусьпен бірлескен жобалар жүзеге асуда – ҚазАгро

Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық Одақты құру Ресей мен Беларусь елдеріне Қазақстанның жетекші сауда әріптесі болуына мүмкіндік берді.
Казахстан30 Қыркүйек , 18:34

Ауыл  шаруашылық өнімдерінің экспортын дамыту мақсатында 2013 жылғы тамыз айында «AgroТrade Export» ЖШС қазақстандық-ресейлік трейдинг компаниясы құрылды, оның құрылтайшылары - «ҚазАгроӨнім» АҚ-ның еншілес ұйымы «KazMeat» ЖШС (Астана қ.), «АСТАНА АГРОПРОДУКТ» ЖШС (Астана қ.) және ресейдің «Сибмир» (Барнаул қ.) компаниясы.

Осы компания құрылған кезден бастап қазіргі уақытқа дейін 42 млн.теңге сомасында 140 тонна құс еті, 13 млн.теңгеге 16 тонна балық, 6 млн.теңге сомасында 80 тонна көкөніс экспортталды.

«Ірі қара мал (ІҚМ) етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ «Crown Батыс» ЖШС бірлесіп іске асыратын «Батыс Қазақстан облысы 8 640 ірі қараға арналған дамыған инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы бордақылау алаңын құру» инвестициялық жобасының шеңберінде «Crown Батыс» ЖШС ресейдің «Леокон», «Глобал-Фуд», «Аграпарк» компанияларымен ет өнімдерін жеткізуге келісімшарт жасасты, оған сәйкес «Crown Батыс» ЖШС 2013 жылы Ресейге шамамен 300 тонна ет өнімін экспорттады.

«Аграрлардың жобаларын жеңілдікпен қаржыландыруды жүзеге асыратын «ҚазАгро» холдингі компаниялар тобы осы елдермен ынтымақтастыққа белсенді қатысады», - делінген хабарламада.

Мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық 2001 жылдан бастап жүзеге асырылады. Осы кезеңдер ішінде Ресейдің нарығына жалпы 828,5 млн.теңгенің мал шаруашылығы өнімі экспортталды.

Бұдан басқа, осы жобаны іске асыру шеңберінде «ҚазАгроӨнім» АҚ қатысуымен қаржылай қолдау көрсету арқылы 2013-2014 жылдары Қазақстанның тауар өндірушілері Ресей Федерациясының нарығына мынадай мал шаруашылығы өнімдерін жеткізді: 582 мың банкі ет және ет өнімдері консервілерін және 3 тоннадан астам шұжық өнімдерін, 250 тонна сиыр еті мен малдың ішкі өнімдері.

Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ресей компанияларынан 126,2 млн.теңгеге 486 бас «Қазақы ақ бас» және «Герефорд» тұқымды ірі қара малды сатып алуды қаржыландырды.

Беларусь республикасында шығарылатын ауылшаруашылық техникасы қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің арасында жоғары сұранысқа ие.

2000 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ 6,3 мың бірлік Беларустың машина жасау зауытынан шығарылған жиынтық құны 27 млрд.теңгеден асатын ауылшаруашылық және арнаулы техниканы сатып алды. Белоруссияда шығарылатын техникалардың арасында «Беларус» тракторлары дәстүрлі түрде ең көп сұранысқа ие. Осы кезеңдерде құны 7,5 млрд.теңгеге шамамен 3 мың бірлік «Беларус» тракторы сатып алынып және лизингке берілді.

«Беларусь Республикасына мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты 2002 жылдан бастап «ҚазАгроӨнім» АҚ «Беллегпром» концернінің «КамВоль» ААҚ және «Сукно» ААҚ тоқыма кәсіпорындарына жалпы сомасы 19,3 млн.теңге тұратын 51,4 тонна жартылай биязы және жартылай қылшық қой жүнін, ал 2013 жылы «Агромен» компаниясына 1,5 млн.теңгенің 9 000 банкі «Бұқтырылған қой еті» ет консервісін экспорттады», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика