Экология

Қазақстан ЕАЭО Интеграциялық комитеті жанындағы қоршаған орта саласы кеңесінің отырысына қатысты

Чолпон-Ата қаласында (Қырғыз Республикасы) Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Талғат Ахсамбиев ЕАЭО Интеграциялық Комитеті жанындағы қоршаған орта саласындағы кеңестің 6-шы отырысына қатысты, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Әлемде30 Қыркүйек , 18:51

«Отырыс барысында Кеңестің 5-ші отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысы, көкейтесті экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылып, БҰҰ Даму Бағдарламасының аймақ елдерінің орнықты дамуы үшін қоршаған ортаны сақтау ісіне қосып жатқан үлесі атап өтілді», - делінген хабарламада.

Басқосуда алтын өндірісі кәсіпорындарының қалдықтарын өңдеу ісінде инновациялық технологияларды енгізу мәселелері, сондай-ақ Жаһандық экологиялық қордың электрондық және электр жабдықтары қалдықтарын басқару жүйесін оңтайландыру арқылы ЕАЭО-ға мүше елдерде ауаға бөлінетін қалдықтар көлемін қысқарту жөніндегі аймақтық жоба талқыланды.

Сонымен қатар, Кеңеске қатысушылар Қырғыз Республикасының Шу облысындағы радиоактивті қалдықтар қоймаларының экологиялық және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдады. Бұл бағдарламаның жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының шекаралас аумақтарында қоршаған ортаның ластану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

 

 




Яндекс.Метрика