Инфрақұрылымның дамуы

Алматыда 5 жылдың ішінде 25 балабақша ашылды

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов білім саласындағы жаңа нысандарды аралап көрді.
Алматы қаласы30 Қыркүйек , 17:58

Қала әкімдігінің хабарлауынша, мегаполис басшысы Түрксіб ауданы «Жас Қанат» ықшам ауданындағы мектепте және Алатау ауданы «Саялы» ықшам ауданындағы тәулік бойына жұмыс жасайтын бала бақшасында болды.

«Қала әкімі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қалада балаларды мектеп жасына дейінгі біліммен қамтамасыз етуге айрықша назар аударылып келе жатқандығын айтты»,- делінген хабарламада.

Атап өтерлік жайт, тәулік бойына жұмыс істейтін бала бақша 320 орынды, мұнда кіші, орта, ересек және дайындық топтары дәріс алады. Ал, жалпы білім беретін мектеп 1200 орынды, ол бүгінгі заманға лайық құрал- жабдықтармен, компьютерлік сыныптармен, спорттық қондырғылармен толық қамтамасыз етілген.

Алматыда соңғы бес жыл ішінде ғана 25 жаңа бала бақша ашылып, жалға алушылар меншігінде болған мектеп жасына дейінгі 7 нысан қайтарылды.




Яндекс.Метрика