Халықаралық интеграция

Чехия Қазақстанның ЕО-дағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі – Бейсенбаев

Чехия Қазақстанның Еуроодақтағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі болып табылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Сенатының төраға орынбасары Асқар Бейсенбаев Чехия Парламенті депутаттары делегаттарымен кездесуінде.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 17:41

«Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты қатынасты дамытуға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылдың қазан айында Прагаға жасаған ресми сапары ерекше қарқын берді», - деді Сенаттың вице-спикері.

Оның айтуынша, қазақстандық парламентшілер НАТО мен Еуропа Кеңесі парламенттік ассамблеясы және Парламентаралық одақ секілді халықаралық парламенттік ұйымдар асяында чех әріптестерімен көпжақты байланысты дамытуға қызығушылық танытып отыр.

Сонымен қатар, А.Бейсенбаев Чехияны Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның өтуіне қолдау көрсетуге шақырды.




Яндекс.Метрика