Кедендік одақ

КО техрегламенті автомобильдік көліктердің сәйкестілігін бағалаудың қағидалы жаңа тәртібін бекітеді –ИДМ

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағы комиссиясының 2011 жылдың 9 қаңтарындағы №877 шешімімен бекітілген 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы Техникалық регламенті күшіне енеді, деп хабарлады инвестиция және даму министрлігі.
Казахстан30 Қыркүйек , 17:06

Жаңа техникалық регламент көлік құралдары мен олардың бөлшектерін нарыққа қолданысқа жіберетін талаптар мен рәсімдердің тізімін анықтайды. Сонымен бірге, сериялық көлік құралдарының сертификация бойынша құжатына көлік құралдары типін растау, ал шассиге- шасси типін растау болып табылады.

«Енді техникалық регламентте  көлік құралдарына халықаралық міндеттер мен Кеден одағы мемлекеттері мүшелерінің жол-климаттық жағдайларына сәйкес, көлік құралдарының атқаратын қызметтеріне қарай активті, пассивті және экологиялық қауіпсіздік талаптары жазылған. Және де көлік құралдарын экологиялық классқа бөлу мен көлік құралдарының маркировкалары бойынша сәйкестендіру мүмкіншілігін қамтамасыз ету қарастырылған»,- делінген хабарламада.

Жаңа ереже бойынша Кеден одағы мемлекеттері территориясына оң жақты тұтқалы жүргізу көлік құралдарын кіргізу тиым салынған. Сонымен қатар, өндірісі тоқтатылған көлік құралдарының бөлшектерінің талаптары өндіріс тоқтатылған сәттегі деңгейде қалып қояды. 




Яндекс.Метрика