Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанның барлық оқу орындарында Президент Жолдауының үгіт-насихат тобын құру ұсынылуда

Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының басым бағыттарын сараптамалық талдау бойынша сарапшылар отырысында ЖОО шәкірттері мен қызметкерлерін кеңінен қамту мақсатында жоғары білікті мамандардан тұратын әр оқу орнында Президент Жолдауының үгіт-насихат тобын құру туралы ұсыныс айтылды.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 16:32

«Халықтар келісімі» ҚҚ директоры З.Қабылдинаның айтуынша, Президент Жолдауы елдің әрбір азаматы үшін маңызы мен Президенттің бастамасын халық арасында белсенді насихаттау қажеттілігі мен оның терең мазмұнын ескере отырып ҚР Білім және ғылым министрлігіне ЖОО шәкірттері мен қызметкерлерін кеңінен қамту мақсатында жоғары білікті мамандардан тұратын әр оқу орнында Президент Жолдауының үгіт-насихат тобын құру туралы ұсыныс айтылды.

Сонымен қатар, президенттік тапсырмаларды атқару бойынша есеп беру тетігін анықтау мақсатында ҚР Үкіметіне ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алдыңғы Жолдауларына сараптама жасау туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын нақты іске асыру бойынша елдегі ЖОО профессорлық-оқытушы құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар идеясының бірыңғай электронды жәшігін құруды ұсыну тапсырылды.  

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының басым бағыттары мен профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуетін тарта отырып «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын насихаттауды сараптамалық талдау бойынша сарапшылар тобының 1-ші отырысы өтті.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика