Халықаралық интеграция

Қазақстандық оқушылар ТМД-ға мүше мемлекеттердің фестиваліне қатысты

Түркіменстанның «Аваза» туристік аймағында ТМД-ға мүше елдердің Мектеп оқушылары мәдени-спорттық фестивалі өткізілді. Саламатты өмір салтының мәдени мерекесіне қазақстандық оқушылар делегациясы да қатысты.
Әлемде30 Қыркүйек , 19:43

«ТМД мектеп оқушыларының спорттық фестивалін өткізудің бастамашысы болып табылатын Түркіменстанның Президенті Гурбангулы Бердымухамедов қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде осындай шараны өткізудің негізгі мақсаттары - оқушылардың арасында саламатты өмір салты мен белсенді демалысты насихаттау, ТМД оқу орындары мен барша Достастық балаларының арасында достық байланыстарын орнату болып табылатындығын атап өтті», - деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.

Түркіменстанның Білім беру министрлігі, Мәдениет министрлігі, Түркіменстанның спорт істері мемлекеттік комитеті және Мектеп спортының бүкілресейлік федерациясының атсалысуымен өткен Фестиваль бағдарламасына мини-футбол, жағажай волейболы, үстел теннисі, шахмат және баскетбол бойынша жарыстар енгізілген.

Қазақстанның волейбол жұбы ТМД елдері мектеп оқушыларының мәдени-спорттық фестиваліне қатысушылар арасында жағажай волейболынан жүлделі үшінші орын алып келді.

2014 жылдың 11 қыркүйегінде өткен кездесуде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Түркіменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мактымгулы Акмырадов қазақстандық оқушылардың Авазадағы мәдени-спорттық фестиваліне қатысуы, екі мемлекеттің мәдениет және өнер саласының өкілдері арасындағы мәдени байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылаған болатын. 




Яндекс.Метрика