ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

ҚР ІІМ-де ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен тұрғындар арасында мемлекеттік тілді қолдану кезінде туатын проблемаларды талқылады

Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен тұрғындар қарым – қатынасы кезінде мемлекеттік тілді қолданудағы проблемалар ҚР ІІМ-де талқыланды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан18 Қыркүйек , 12:30

 «Ішкі істер министрлігінде « Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тұрғындармен қарым-қатынасы кезінде мемлекеттік тілді қолданудағы проблемалар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға Ішкі істер министрінің орынбасары А. Күренбеков, Мәдениет және ақпарат министрлігінің тілдер Комитеті, қаржы, миграция полицейлері мен құрылымдық басқарма өкілдері қатысты»,- деп министрлік хабарламасында нақтыланған.

Хабарламада көрсетілгендей, отырыстың мақсаты мемлекеттік тілдің  азаматтармен қарым-қатынас кезінде қолдану проблемалары, әкімшілік протоколды құрастырғанда, құқықбұзушылық шарттарын толтырғанда туатын проблемалар басты назарға алынды.

Оған қоса, мемлекеттік тіл департаменті мен ІІМ ақпараты бойынша азаматтармен серіктестік қарым-қатынасын оңтайландыру үшін арнайы сөздіктер құрастырылды.Сонымен қатар, аймақтық бөлімшелерде сөздіктегі сөз тіркестерін игеру дәрежесі  бойынша бақылау жүргізіледі.

Шара соңында мемлекеттік тілді қолдану аясын ұлғайтуға байланысты бірқатар ұсыныстар қабылданды.

 




Яндекс.Метрика