Өңірлер

«ҚазАгро» Холдингі несиелер қорының 86 пайызын ШОБ субъектілерін қаржыландыруға ұсынды

Холдингтің несиелендіру құрылымында ағымдағы жылдың басынан несие қорының 86 пайызға жуығы ШОБ субъектілерін қаржыландыруға жұмсалған, деп хабарлады ҚазАгро.
Казахстан30 Қыркүйек , 16:48

«Бұрынғы кедергілер жойылып, мемлекеттер арасындағы капитал, тауар мен қызметтердің қозғалысы үшін рұқсат рәсімдері жеңілдетілген Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық Одақты құру Ресей мен Беларусь елдеріне Қазақстанның жетекші сауда әріптесі болуына мүмкіндік берді. Аграрлық шаруашылық жобаларын іске асыру үшін жеңілдетілген қаржыландыруды жүзеге асыратын «ҚазАгро» холдингі компаниялар тобы осы елдермен ынтымақтастыққа белсенді қатысады. Мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық 2001 жылдан бастап жүзеге асырылады. Осы кезеңдер ішінде Ресейдің нарығына жалпы құны 828,5 млн. теңгенің мал шаруашылығы өнімі экспортталды», -  делінген хабарламада.

2014 жылы 36,5 млрд.теңге сомасында 66 жоба пайдалануға беріледі, оның ішінде бүгінгі күні 42 жоба іске қосылды.

Сондай-ақ,  өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық техникасы лизингі нарығындағы 65%-ы Холдингтің еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның үлесіне, ал ауылдық микронесиелендірудің 93 пайызы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ үлесіне тиді.




Яндекс.Метрика