Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Қазақстан жастарына ҚР Президенті Жолдауының негізгі басымдықтары түсіндірілді

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының негізгі басымдықтары мен сарапшылық ой қалыптастыру бойынша сарапшылар тобының 1-ші отырысы өтті.Сондай-ақ, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуетін тарту арқылы насихаттау қаралды.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 16:13

«Бүгін ЕҰУ базасында Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мен оны насихаттаудың жаңа жолдарын табуға арналған кеңес өтті. Оның негізгі мақсаты жастар,студенттер мен магистранттар, докторанттарға Елбасы Жолдауының басым 7 бағытын түсіндіру, себебі қазіргі таңда біздің алдымызда жаһандық мәселе тұр, ол: 2050 жылға таман дамыған 30 елдің қатарына ену. Бүгінгі таңда жастар Жолдаудың 7 басым бағытын жете білуі керек», - деді «Халықтар достастығы» ҚҚ директоры Зиябек Қабулдинов.

Айта кетерлігі, шараға  ғылыми-методологиялық сүйемелдеу жасап отырған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультеті оның ішінде, философтар, дінтанушылар, педагогтар, психологтар, мәдениеттанушылар, тарихшылар, саясаттанушылар, әлеуметтанушы  ұстаздар өзге ЖОО-дан шақырылды. Сарапшылық топтың кеңесін «Халықтардың достастығы» қоғамдық қоры мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Сондай-ақ, шара аясында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы баяндамалар тыңдалды, сондай-ақ, кітап көрмесі мен «Мәңгі ел»  халықаралық ғылыми-тарихи журналының 6-ші нөмірінің таныстырылымы өтті. Кездесу барысында дөңгелек үстелге қатысушылар Мемлекеттік елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековпен кездесті.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика