Өңірлер

Атбасарда 327 үй қалпына келтірілді – әкімдік

Атбасарда су тасқыны барысында қираған 352 үйдің 327-сі толықтай қалпына келтірілді, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.
Ақмола30 Қыркүйек , 15:58

Үйлерді қалпына келтіру үшін мемлекеттік қазынадан 129 млн 469,7 мың теңге бөлінген, соның 113 млн 684,4 мыңы игерілді.

«Атбасар ауданының әкімі А.Никишев «АССМ-01» ЖШС мен «Электрожеліқұрылыс» ЖШС мердігер ұйымдарының құрылыс алаңдарында 45 пәтерлі төрт тұрғын үйлерді салу барысын бақылап, апта сайын жұмыс жиналысын өткізеді», - делінген хабарламада.

Құрылыс желілік кестеге сай жүзеге асырылып жатыр. 45 пәтерлі екі үйдің шатырын монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Жұмыспен «АССМ-01» ЖШС айналысып жатыр. Нысандар биылғы жылдың қазан айында пайдалануға берілмекші.




Яндекс.Метрика