Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Жыл сайын Қазақстанда 600 рет тегін ЭКҰ жүргізуге мүмкіндік беріледі – ДСӘДМ (Фото)

Жыл сайын Қазақстанда 600 рет тегін ЭКҰ жүргізуге мүмкіндік беріледі, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Мағрипа Ембергенова.
Астана қаласы 30 Қыркүйек, 14:36

«Әйелдер денсаулығын нығайту бойынша кеңес беру және ақпараттық жұмыспен жаппай қамту үшін отбасын жоспарлау кабинеттері құрылды. Мұндай кабинеттер бүгінгі таңда республика бойынша 350 және алдағы уақытта көбейе түспек. Олардың сапалы жұмыстармен қамтамасыз етілуі «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі аясында да жалғасын таппақ», - дейді М.Ембергенова. 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры Т.Құдайбергенованың айтуынша, қазіргі таңда елдегі туу көрсеткіші шамамен 400 мыңды құрайды. Ресми дерек бойынша, 16 мың жұп бедеулік пен белсіздікке ұшыраған. Солардың ішінде 7 мыңы экстракорпоралді ұрықтандыруға мұқтаж. Қазіргі таңда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша жыл сайын 600 рет тегін ЭКО жасауға мүмкіндік беріледі»,- дейді.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға арналған елімізде жастардың 76 денсаулық орталығы  бар.

М.Ембергенованың айтуынша, БҰҰ тәуелсіз сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстан өзінің статистикалық көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартқан.

Камила Амирова

Суретті түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика