Өңірлер

Н.Назарбаев: Біз ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлуге тиіспіз

Біз ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлуге тиіспіз, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының аграрлық кәсіпорындары жетекшілерімен өткен кездесуінде.
Атырау30 Қыркүйек , 13:49

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысы «Первомайский» БК» ЖШС-ның сүт фермасында болды. Елбасы мұнда өңірде шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлгілерін көрді.

Президентке сондай-ақ өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуы туралы баяндалып, облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан агроөнеркәсіп кешені секторының жобалары таныстырылды.  

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев нысанды аралау барысында облыстың агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың басшыларымен әңгімелесіп, экономиканы дамытуда ауыл шаруашылығы басымдығы бар сала болып саналатынын атап өтті.

«Еліміздегі халықтың жартысына жуығы ауылдық жерде тұрады. Сол себепті біз ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлуге тиіспіз. Қазақстаннан басқа еш жерде мемлекет ауыл шаруашылығына осынша қаражат бөлмейді. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдері өндіру үшін барлық жағдай жасалған», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Первомайский» БК» ЖШС-ның сүт фермасы мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында салынған. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 8 тоннадан 16 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығаруға жетеді. Фермада 42 жұмыс орны бар. 




Яндекс.Метрика