Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

М.Ембергенова: Қазақстанда балалар тегін вакцинациямен қамтамасыз етілген (Брифингтің бейнебаяны)

Қазақстанда балалар толықтай тегін вакцинациямен қамтамасыз етілген, деп мәлімдеді бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Мағрипа Ембергенова ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы 30 Қыркүйек, 13:35

«Қазіргі таңда барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтарында алдын алу вакцинациясы кабинеттері жұмыс істейді. Барлық қауіпті инфекцияларға қарсы біз егу жұмыстарын жолға қойғанбыз. Бүгінгі таңда Қазақстан балаларды тегін вакцинамен толықтай қамтамасыз ететін мемлекет», - дейді ол.

Халықаралық зерттеу мәліметтері бойынша, балалардың тегін вакцинациямен қамтылу деңгейі 97,5%.

Сонымен қатар, соңғы жеті жылда вацинацияға жұмсалатын шығын көлемі 1 млрд теңгеден 12 млрд теңгеге дейін артқан.

«Поствакциналды реакцияны азайту мақсатында Қазақстан 2013 жылдан бері көкжөтел, дифтерия мен сіреспе сырқаттарына қарсы реактогенді вакцинаны қамтуға өткен»,- дейді. Жалпы, оның айтуынша, сырқатқа шалдығу көрсеткішін 50 пайызға азайтып, пневмония салдарынан балалар өлімін 20 пайыз азайту жоспарланып отыр.

Ведомствоның хабарлауынша, 20 жылда қызылшаға шалдығу деңгейі 291 есеге төмендеген. Балалар арасында гепатитке шалдығу болса 135 есеге, дифтериямен ауыру 100 есеге, көкжөтел 20 есеге азайған.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика