Парламент

Қ.Тоқаев: ТМД бақылаушыларының қатысуы сайлау науқанының заңдылығын күшейте түседі

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Атқарушы комитетінің Төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысы, ТМД байқаушылары миссиясының басшысы Сергей Лебедевті қабылдады.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 15:24

«Сенат Төрағасының пікірінше, сайлауды көруге ТМД бақылаушыларының қатысуы сайлау науқанының заңдылығын күшейте түседі»,- деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

С.Лебедев ТМД байқаушыларының жұмысы үшін жақсы жағдай жасалғанына ризашылық білдіре отырып, Сенат сайлауына халықаралық бақылаушылар тарапынан зор көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Астанада 19 қыркүйекте ТМД бақылаушылары миссиясының штаб-пәтері ашылды. Миссияның құрамына заң шығару және атқарушы биліктің өкілдері, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Орталық сайлау комиссияларының мүшелері енді. Миссия басшысы С.Лебедев Сенат сайлауын ұйымдастырудағы қалыптасқан және нақты жұмыстарды атап өтті.

ТМД-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылай келіп, жүздесушілер «барлық салаларда өзара іс-қимылды өркендету үшін осы қарқынды сақтау қажет» екенін атап өтті.

«10 қазанда Минскіде ТМД мемлекеттері Басшылары кеңесінің отырысы болады, онда ТМД-ға төрағалық ету «эстафетасын» 2015 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанға беру туралы шешім қабылдау көзделіп отыр. Сенат Төрағасының пікірінше, «Қазақстан төрағалық етуде жоғары дәрежені қамтамасыз ететін болады». Қ.Тоқаев сондай-ақ 1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда Президент Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған, ірі халықаралық ұйым ретінде ТМД-ның рөлі мен әлеуетін одан әрі күшейтуге Қазақстанның мүдделі екенін атап өтті», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика