Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

Қазақстан Ұлыбританиямен салмақты жобаларға шығуға дайын- Ә. Исекешев

Қазақстан - Британ сауда- өндірісі кеңесінің тапсырмасы- кедергілерді шеттетіп, «business to business» серіктестігін жүзеге асыру, деп Қазақстан-Британ сауда өндірісі кеңесінің отырысында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.
Казахстан18 Қыркүйек , 10:44

«Біз сауда және инвестиция саласы бойынша ынтымақтастық жүргізу қолайлығын байқап отырмыз. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін инвестициялық және экономикалық нарық бойынша ілгері жылжыды. Біз инвесторларды қорғау елдерінің  ондығына кірдік», - деді вице-министр.

Әсет Исекешевтің айтуынша, қазір Қазақстан экономиканы дағдарыс шарты бойынша дамытуда. Мемлекетте жаңа индустриализация бағдарламасы қабылданды, ол экономиканың диверсификациялануына бағытталғандықтан шетелдік инвестицияларды тарту көзделіп отыр.

«Әсіресе, технологиялар мен менеджменттен келетін инвестициялар маңызды. Бізде Ұлыбритания компаниялары үшін салмақты  ұсыныстар бар. Біріншіден, біз Кедендік Одақтың қатарына ендік. Бізде Ресейдің нарығына кіру рұқсаты бар, Қазақстанды инвистициялау арқылы Ресей, Беларусь, Орта Азия, Қытайдың бастыс бөлігінің шекаралық аудандарында кәсіпті дамытуға болады»,-деп нақтылады Ә. Исекешев.

 

Сөз соңында, біз Ұлыбританямен салмақты жобаларға шығуға дайынбыз деп нақтылады ол.

 

«Қазір әр түрлі сала бойынша кедергілерді жойып, «business to business» серіктестігіне өту арқылы инвестициялық ынтымақтастықты өсіру басты назарға алынып отыр», - деді Ә. Исекешев.

 




Яндекс.Метрика