Халықаралық интеграция

Азияға жаңа қауіпсіздік тұжырымдамасы қажет – Гун Цзяньвэй

Азияда жаңа қауіпсіздік тұжырымдамасын қабылдау керектігін АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры Гун Цзянвэй АӨСШК елдері халықтары ұлттық-мәдени орталықтарының «АӨСШК кеңістігіндегі келісім мен бейбітшілік мәдениеті» форумында мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 12:53

«Бүгінде Азия әлемдегі халықтың 67 пайызына баспана болып, әлем экономикасының 1/3 бөлігін қамтып отыр. Азия әлемдегі ең қарқынды және болашағы үміт күттіретін өңір болып есептеледі. Бейбітшілік, даму және екіжақты тиімді ынтымақтастық бұл аймақтағы басты басымдықтардың бірі», - деді Гун Цзяньвэй.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Азиядағы қауіпсіздік саласы тығыз ынтымақтастық жүргізуге дайын.

Осыған орай, қытайлық тарап бірқатар бастама ұсынған болатын. «Бәрінен бұрын Азияға жаңа тұжырымдама қажет. Осы жылғы АӨСШК бірлескен Саммитінде КХДР төрағасы жалпыға ортақ және тұрақты қауіпсіздік мәселелерін қамтитын тұжырымдаманы мәлімдеген болатын», - деді ол.

АӨСШК директоры атап өткендей, Азия халықаралық негізі бар статусқа ие және халықаралық қатынастардың әлем бойынша демократияландырылуының тұрақтылығында басты роль ойнайды.

Айта кетейік, шара қорытындысы бойынша форумға қатысушылар этникааралық және мәдениетаралық диалог саласын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар бойынша форумның резолюциясын қабылдады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика