Халықаралық интеграция

Астанада су көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

ҚР инвестициялар және даму министрлігі және Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы су көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбында халықаралық бірлескен ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 14:51

«Шараға қатысушылар су көлігі саласындағы заңнаманы жетілдіру, теңіз әкімшілігінің жұмысы, қоршаған ортаны қорғау, теңіз навигациясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және басқа мәселелерді талқылады», - деп хабарлады инвестиция және даму министрлігі.

Шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан, Ресей және Беларуссия Бас прокуратураларының, су көлігінің халықаралық ұйымдары, қауымдастықтары  және кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

«Айталық, қазіргі кезде республикада Теңізшілерді дайындау мен оларға диплом беру және вахтаны атқару туралы Конвенцияға (1978 ж.), Теңізде адам өмірін қорғау  жөніндегі Конвенцияға (1974 ж.) түзетулерді іске асыру үшін ұлттық  заңнамаға түзетулер енгізу жөнінде жұмыс басталды», - деді ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев баяндап берді.

Навигациялық қауіпсіздікті жетілдіру мақсатында навигациялық орталық құру жоспарлануда. Соның базасында апатты оқиғаларға жауап беру және іздеу-құтқару операцияларын үйлестіру мәселелері шешілетін болады. Сонымен қатар, СОЛАС Конвенциясына түзетулерін іске асыру аясында спутниктік навигация арқылы кемелерді алыс қашықтықтан бақылау жүйесі енгізілуде.

Конференция барысында теңіз әкімшіліктерінің қауіпсіздікті бақылау бойынша халықаралық  тәжірибесі талдап қорытылды.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша теңіз көлігіндегі қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленіп шығарылды.




Яндекс.Метрика