Халықаралық интеграция

Е.Досаев аймақтық даму үшін ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету форумына қатысты

Ыстамбұлда (Түркия Республикасы) аймақтық даму үшін ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде Дүниежүзілік экономикалық форумы өтті. Қазақстан атынан барған делегацияны ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев басқарды, деп хабарлады ҰЭМ.
Әлемде30 Қыркүйек , 12:08

Форум аясында аймақтарда мемлекеттік-жекеменшік ынтымақтастықты кеңейтуде негізгі мәселелері бойынша, соның ішінде: инфрақұрылымның бәсекеге қәбілеттігінің басты факторы ретінде қуат қорлары, аймақтық интеграция және сауда, Еуропада, Таяу Шығыста, Солтүстік Африка мен еуразияда кәсіпкерліктің дамуы, сонымен қатар Түркияның G20-ға төрағалық етуі тақырыптары қарастырылды.

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев форум аясында өткен дискуссия барысында Қазақстанның аймақтық бірігулерге қатысу процесстеріне түсінік берді, себебі бұл әрі қарай тұрақты дамудағы негіз болып табылады, ал Қазақстан үшін өтім нарықтары  мен сауда кеңістігін кеңейту және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу қажет. 

Дүниежүзілік экономикалық форум аясындағы Кеңес мүдделі мемлекеттердің үкімет мүшелерін, азаматтық қоғамды және басқа экономикалық шешім қабылдайтын бизнестің көшбасшыларын қатыстыру арқылы ұлттық және аймақтық өзгерістерді қалыптастыруды терең түсінуін қамтамасыз етеді.  

«Экспортқа, соның ішінде Еуропаға  бағытталған Қазақстан өнімдерінің бәскеге қабілеттілігін арттыру үшін энергетика мен транспорт саласында интегрциялық мүмкіндіктерін қолдану қажет», - деді министр.

Мысалы, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» инфрақұрылым жобасы транспорттық қызығушылықтың өсуіне және трансконтиненталды «көпір» құруға себепші болды. 

«Ерболат Досаев форум аясында Қазақстан, Беларусия және Ресей мемлекеттерінің Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық процесстері ойдағыдай өркендеп келе жатқанын айтып, мұның әлем экономикасының талаптарына қарсы экономикалық мүмкіндікті дамыту үшін қажеттілік болып табылатын айрықша атап өтті», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика