EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көрмесінен 280 млн еуро табыс табуымыз қажет – Т.Ермегияев

ЭКСПО-2017 көрмесінен 280 млн еуро табыс табуымыз тиіс, деп мәлімдеді бүгін Экология және табиғатты пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 11:43

«Осы аймақтың экономикалық тиімділігі 1 млрд доллар инвестицияға тең. Қаншама турист келеді. Жанама табыстар кейін есептеледі. Менің ойымша, соңғы 10-15 жылда осындай ғимараттар салынуда, бұл біздің келер ұрпаққа табыстайтын аманатымыз болмақ. Көрменің пайдасы ұшан-теңіз. Әлі соңына дейін есептеп үлгермедік. Табысқа келер болсақ, 280 млн еуро көлемінде кіріс кіреді деп күтілуде. Бұл біздің демеушілерден және коммерциялық қызметтерден келіп түсетін ақша», - дейді Талғат Ермегияев.

Естеріңізге сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі 3 айға жалғасады. Атап айтар болсақ, 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығын қамтымақ. Оған 100-ден астам мемлекет пен он шақты халықаралық ұйым, тағы да осыншалықты инновациялық технологиялар саласының компаниялары қатыспақ. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика