Халықаралық интеграция

АӨСШК ұйымдарының елдері этникааралық және мәдениетаралық диалог жұмысын жетілдіруде

Астанада АӨСШК елдері халықтарының ұлттық-мәдени орталығының «АӨСШК кеңістігіндегі келісім мен бейбітшілік мәдениеті» форумы өтуде.
Астана қаласы 30 Қыркүйек, 11:31

«Бүгін Қазақстан белсенді түрде мәдениет саясатын жүргізуде, сондай-ақ, мәдениетаралық диалог гуманитарлық ынтымақтастықтың тиімді құралы, мәдени-әлеуметтік кеңістіктің кеңею орталығы  болып табылады», - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, ол форум кеңістігі кеңейіп, болашақта Қазақстанның Орталық Азиямен этникалық және мәдениетаралық диалогын нығайтудағы жұмысының мақсатты бағытына айналады.

Форум барысында АӨСШК кеңістігінде этникааралық толеранттылық сұрақтары талқыланды. Сондай-ақ, ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың ынтымақтастығы, мәдениетаралық диалог пен мәдени алуандылықтың көбеюі мен сақталуы тақырыптары талқыланды.

Шара қорытындысы бойынша форумға қатысушылар этникааралық және мәдениетаралық диалог саласын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар бойынша форумның резолюциясын қабылдады.

Камила Амирова

 





Яндекс.Метрика