Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

«Қазақтелеком» мен «Алтел» ұтқыр қатынау және ұялы телефония қызметтерінің топтамасын ұсынады

«Қазақтелеком» АҚ 1 қазаннан бастап интернет желісіне тіркелген ұтқыр қатынау қызметінің бірыңғай пакеттерін Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Ақтау, Қарағанды және Шымкент қалаларында ұсынады.
Казахстан30 Қыркүйек , 10:03

«Мобильдік желіні жұмысына қосатын қызмет топтамасының негізгі басымдығы – «Қазақтелеком» АҚ желісіндегі лимитсіз байланыс, сондай-ақ ол барлық ҚР аймағы бойынша «АЛТЕЛ» АҚ ішкі желісіне қосылған нөмірлер арасында байланыс тегін жүзеге асады. Сонымен қатар, қызметтер топтамасы ұтқыр қатынау қызметтері есебінен бірыңғай ену  нүктесін табу және қызметтер бойынша техникалық қолдау көрсету жүзеге асады», - деп хабарлады Қазақтелеком.

Компанияда хабарлағандай, мобильдік және қалалық нөмірлерді бір SIM-картаға енгізудің артықшылығы жетерлік. Абонент қалалық нөмірге келген қоңырауларды қабылдап  отырады, оған қоса, қалалық нөмірден ұялы телефонға хабарласу тегін түрде жүзеге асады. Кері байланыс, яғни ұялы телефоннан қалалық нөмірге қоңырау шалу тегін болып қалмақ. GSM Altel нөміріндегі ішкі байланыстар тегін жүзеге асырылады. Сондай-ақ, оған 6000 тегін SMS қосылған.

Абоненттер таңдауына интерактивті сандық теледидар (iD TV), қазіргі заманғы SIP телефония (iD Phone номері), Қазақстан Республикасы бойынша лимитсіз сөйлесулер, сондай-ақ Интернет желісіне тіркелген және ұтқыр қатынаумен әртүрлі  пакеттік  шешімдер ұсынылады.

 




Яндекс.Метрика