Өңірлер

Ақмола облысында «ЖҚЖК-2020» бойынша әлеуметтік жұмысқа 722 адам адам бағытталды

Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 722 адам әлеуметтік жұмысқа тартылды, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола30 Қыркүйек , 09:46

2013-2014 жылдары аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін өңірде 4,7 млрд теңге жұмсалған.

Бағдарламаның бірінші бағыты инфрақұрылым мен ТКШ дамыту есебінен жоспарланған 4450,9 млн теңгенің 3693,5 млн теңгесі игеріліп, 1084 адам жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыт кәсіпкерлік пен тірек ауылдарды дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жоспарланған 2479,2 млн теңгенің 2370,4 млн теңгесі игеріліп, 1119 адам екі қолға бір күрек тапты.

Биыл шағын несиелеуге 1136,3 млн теңге бөлінді. Жалпы құны 821,7 мың теңгенің 339 несиесі берілді. Соның ішінде 291 несие жаңадан кәсіп ашу мақсатымен алынса, тағы 48 несиені алудағы мақсат жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктерді кеңейту болып табылады. Айта кету керек, жобалардың көпшілігі мал шаруашылығына қатысты.

Ал бағдарламаның үшінші бағыты болып табылатын жұмыс берушінің қажеттілігіне қарай оқыту мен қоныстандыру арқылы жұмыспен қамту бойынша жоспарланған 2637,9 млн теңгенің 2246,6 млн теңгесі игеріліп, онда 7958 адам жұмыспен қамтылды.

«Қазіргі таңда 2300-ден астам адам қамтылған. Соның ішінде 546 адам кәсіби дайындық, қайта оқыту мен біліктілік арттыру бойынша. Ал тағы 1032 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылса, 722 адам жастардың іс тәжірибесіне жіберілді», - делінген хабарламада.

2014 жылы Бағдарламаны іске асыру аясында Ақмола облысы бойынша 74 жобаны жүзеге асырып, 793 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Екінші бағдарлама бойынша, 454 адамға шағын несие беру көзделіп отыр. Ал, үшінші бағытта 1771 адамды оқыту арқылы уақытша жұмыспен қамту қарастырылған.

Айта кету керек, бағдарлама жұмыс істегелі  бері оған 11 мың ақмолалық қатысып, облыста 41 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.




Яндекс.Метрика