Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев пен И.Әлиев екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Астрахандағы Мемлекет басшыларының Саммитінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.
Әлемде30 Қыркүйек , 09:16

«Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары Каспий маңы мемлекеттерінің төртінші Саммитінің қорытындылары туралы сөз қозғады», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев сондай-ақ бірқатар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық, отын-энергетика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың болашағын талқылады.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. 




Яндекс.Метрика