Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Азия ойындарында Қазақстанның қоржыны тағы 4 алтынмен толықты

Инчхондағы XVII жазғы Азия Ойындарындағы қазақстандық спортшылардың каноэ және байдаркадағы жарыстарының нәтижесінде төрт алтын, бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Әлемде29 Қыркүйек , 19:07

«Азияданың оныншы күніндегі алғашқы алтынды 1000 метрлік қашықтықтағы екі адамдық байдаркадан Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов алып келді. Олар Иран және Қытай дуэттерін басып озып бірінші келді. Кейін Михаил мен Тимофей Емельяновтар 1000 метрлік екі адамдық каноэдан алдына жан салмады. Ал жалпы қоржындағы он екінші алтын медаль 1000 метр қашықтық бойынша төрт адамдық байдаркада Илья Голендов, Дәулет Сұлтанбеков, Андрей Ергучев пен Александр Емельяновқа тиесілі», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, байдарка спортының тағы бір хас шебері Инна Клинова да еліміздің көк байрағын көктен желбіретті. Ол 200 метрлік қашықтықта жалғыз өзі алдына жан салмады. Одан кейін Наталья Сергеева мен Ирина Подойникова да алтыннан алқа тақты.

Осы күні Азияданың ерлер арасындағы жағажай волейболының турнирі де өз мәресіне жетті. Қазақстандық Александр Сидоренко, Алексей Дьяченко мен Алексей Сидоренко қытайлықтардан басым болып, жарыстың жеңімпазы атанды.

Осылайша, Қазақстанның ұлттық құрамасы қазіргі таңда 50 медаль алып үлгерді.




Яндекс.Метрика