Су ресурстарына арналған жаңа саясат

Астрахань қаласында бес елдің басшылары Каспийді өзара ұтымды пайдалану туралы келісті

Бүгін Астрахань қаласында (Ресей Федерациясы) Каспий маңы мемлекеттері Президенттерінің Төртінші саммиті барысында Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы Келісіміне қол қойылды, деп хабарлады АШМ.
Әлемде29 Қыркүйек , 17:59

Құжат рационалды пайдаланумен қатар бірлескен биологиялық су ресурстарын басқару принциптерін реттеп, Каспий теңізінде бекіре балық түрлеріне коммерциялық аулауға  мораторий жүргізу механизмін анықтайды.

Сондай-ақ, Келісім шеңберінде Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түрікменстан елдерінің Президенттері биоресурстарды сақтау бойынша өзара келісілген шараларды қабылдау және әзірлеу бойынша комиссиясына тиісті өкілеттіктермен қоса оған үкіметаралық мәртебе беру туралы тапсырмасы іске асырылды.

«Комиссия биоресурстарды сақтау мақсатында Каспий теңізінің  мекендейтін ортасын жақсарту және заңсыз аулаудың алдын алу тәрізді келісілген шаралар қабылдауды күтуде», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика