Инфрақұрылымның дамуы

Қызылордада Сырдария өзенінің сол жағалауын жоспарлау жобасы талқыланды

Сырдария өзенінің сол жағалауын жоспарлау жобасы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен өткен сәулет-қала құрылысының кеңесінде талқыланды.
Қызылорда29 Қыркүйек , 18:31

 «Түбегейлі жоспарлау жобасының басты мақсаты -Сырдария өзенінің сол жағалауында ыңғайлы және халыққа қолайлы өмір сүру ортасы бар және ұлттық сәулеті ерекшеленген қала құрылыстық орталық құру. Сонымен бірге, ескі қалалардың сәулеттік элементтерін қолдана отырып, қаланың келбетіне ұлттық нақыш беру және өңірдің өзіндік сәулет өнерін ескеру болып табылады», - дейді жобалаушы мекеме «Урбостиль» ЖШС директоры Любовь Нысанбаева.

Сондай-ақ, облыс орталығында бизнес орталығы бар қонақ үй салынады. Бұл жобаны «Нұр-Төбе» ЖШС директоры Т.Берғалиев таныстырды. Оның айтуынша, қонақ үй төрт жұлдызды болады. 120 орынға лайықталады.

«Кеңес отырысында жеке кәсіпкер «Ш.Қарабаев» «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойынан салынатын жол бойы кешеннің эскиздік жобасын таныстырды», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика