Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Астанада сауда-өндіріс кеңесі бойынша қазақстан-британ елдерінің 17-ші отырысы өтуде

Елордада сауда-өндіріс кеңесі бойынша қазақстан-британ елдерінің арасындағы 17-ші отырысы өтуде.
Астана қаласы18 Қыркүйек , 09:49

«Аталмыш жиын үлкен мәнге ие, жылына бір рет ұйымдастырылатын шара Қазақстанға Ұлыбританя Премьер-министрінің сапарлап келуінен басталған. Отырыс барысында екі елдің белсенділері стратегиялық ынтымақтастықтың маңызын талқылады»,- деп Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

Жалпы қазақстан-британ қарым-қатынасы барлық сала бойынша қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда елімізде 600 британ компаниялары жұмыс істеуде. Олар: мұнай өндіру, тау-кен өнеркәсібі, энергиялық және банктік салаларды қамтиды. Тауар айналымның даму көрсеткіші 23,1 % құрайды, ол 1341,1 млн долларға тиесілі. Оған қоса, Қазақстанның Ұлыбританияға шығу экспорты 117,3 млн долларды құраған, ол 2012 жылмен салыстырғанда 35,1 %-ға  жоғары. Ал Ұлыбританядан шыққан импорт 323,8 млн долларға тиесілі.

Айта кетерлігі, Ұлыбританя Қазақстанның негізгі үш инвесторларының құрамында кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика