Инновациялар

«KAZENERGY» форумында Қазақстан жастары 12 бірегей жобаны таныстырды

Атырауда мұнай-газ саласында 12 бірегей инновациялық жобаны «KAZENERGY» оқыту бағдарламаларының түлектері таныстырды, деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Атырау29 Қыркүйек , 18:13

Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған отандық кәсіпорындарға және  жоспарланған инновациялық жобаларды іске асыру үшін мамандар керек.

Бұл туралы Атырауда өткізіліп жатқан «KAZENERGY»: «5 жыл - нәтижелер мен жоспарлар» атты стипендиаттар слетінде сөз қозғалды.

«Еліміз әлемдік ғылыми-технологиялық үдерістерге еніп келе жатыр. Қазақстан еліміздің келешектегі амандығын анықтайтын бірегей инновациялық жобаларды жүзеге асыруды қолға алуда», - деді сөзін жастарға бағыттап «KAZENERGY» Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Бас директоры Әсет Мағауов.

Сонымен қатар, ол бүгінде әлемнің жаңа технологиялық революция заманына еніп бара жатқанын да айтып өтті.

Бұл – information technology  жеті мильдік дамуынан бастап, адамдардың өздері де елестете алмаған таңқаларлық өнертабыстарға дейін барлық жерде байқалады. Осылардың басым бөлігі жас адамдардың ойлап табуымен жасалады.

 «KAZENERGY» білім беру бағдарламасы бірнеше жүздеген жас мамандарды дайындап шығарды.  Осындай қолдаудың арқасында мұнай-газ және энергетика секторлары таяу жылдары тағы да жас, дарынды әрі өз ісіне бей-жай қарамайтын мамандармен толығады. Олардың өндіріс пен ғылымға, технологияларға инновациялық қарқын беретіндері сөзсіз», - деді Әсет Мағауов.

Айта кетейік, жыл сайынғы «KAZENERGY – көшбасшылық пен инновация» Жастар форумы Атырау қаласында (Қазақстан Республикасы) екі ел президенттерінің  қатысуымен өткізілетін Қазақстан мен Ресейдің «Көмірсутегі саласындағы инновациялар»  атты XI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өткізіледі.

 




Яндекс.Метрика