Өңірлер

2014 жылы күзгі дала жұмыстарын өткізу үшін жанар-жағармай қажеттілігі 410 мың тоннаны құрады

2014 жылы күзгі дала жұмыстарын өткізу үшін дизель отынына республиканың жанар-жағармай қажеттілігі 410 мың тонна шамасында, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 17:38

 «2014 жылы ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің күзгі егістік жұмыстарын жүргізу үшін дизель отыны қажеттілігі шамамен 410 мың тоннаны құрады. ҚР Мұнай және газ министрлігі (қазіргі Энергетика министрлігі) Ауыл шаруашылығымен бірлесіп облыстарды МӨЗ-дерге бекітудің кестесін дайындады», - деп хабарлайды ведомство.

Хабарламада айтылғандай, тоннасына 114 458 теңге деңгейінде МӨЗ-мен дизель отынын арзандатудың төменгі шегі белгіленді. Айта кету керек, операторлардың шығынын ескерсек, өңірлердегі дизель отынының орташа бағасы шамамен 108 теңгені құрайды.

Айтпақшы, ведомствоның хабарлауынша, 2014 жылдың 26 қыркүйегіндегі мәліметке сүйенсек, күзгі егістік жұмыстарының жоспарланған көлемінің  86% болатын 354,6 мың тонна арзандатылған дизельдік отын тасымалданған.

Сонымен қатар, облыс әкімдіктерінің хабарлауынша, қазан-қараша айларында астықты құрғатуға қосымша дизельдік отын қажеттілігі шамамен 53,5 мың тоннаны құрайды.

Айта кету керек, қазіргі таңда орташа бағамен 53,5 мың тонна дизель отынын тасымалдауға облыстарды МӨЗ-ге бекіту кестесі Ауыл шаруашылығы министрлігінің мақұлдауын алып, енді Энергетика министрлігінің қарауында жатыр.




Яндекс.Метрика