Су ресурстарына арналған жаңа саясат

Атырау облысында бекіре өсіру фермасы ашылды

Томарлы ауылында ҮИИД МБ аясында бекіре фермасы ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігі.
Атырау29 Қыркүйек , 17:23

Жоба үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда. «Ферманың өндірістік қуаттылығы – жылына 100 мың бекіре балығы мен 100 тонна тауарлы бекіре және 1 тонна қара уылдырық шығаруға қабілетті. Балық шаруалары бір жарым жылдан кейін алғашқы тауарлы бекіре балығын, ал, 4-5 жылдан кейін уылдырық алуды көздеп отыр», - деп хабарлайды әкімдік.

Айта кету керек, ферма Оралдан суды бөгеп тартуға мұқтаж емес, өйткені мұндағы тазартқыш, компрессорлы және салқындатқыш құрылғылары бар су айналымы жұмыс істейді. Осы құрылғы арқылы қоймада қыс пен жас мезгілдері жасанды жүзеге асып, балықтардың табиғи көбеюіне жағдай жасалынады.

Қазіргі таңда ферманың су қоймасында сүйрік тұқымдас балықтың 45 аналығы мен 15 сібір бекіресі бар. Аталмыш балық түрі тұщы суға бейім келеді. Барлық қажетті балықтар сатылып алынды.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 7 қазанында 100 граммдық бес мыңдай аналық сүйрік балығын әкелу жоспарланған. 17 қазанда 10 граммдық тағы 10 мың балық әкелінбек.




Яндекс.Метрика