ҚР ИИДМБ

ШҚО-да салынып жатқан металлургия орталығында үш тоннадан артық шикізат күйдірілді

Шығыс Қазақстанда салынып жатқан металлургия орталығында электрпешінің күйдірілу монтажы жүзеге асты. Бірінші айналымда 3,5 тонна шикізат күйдірілді, деп хабарлады ШҚО Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан29 Қыркүйек , 16:53

Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау Шығыс Қазақстан облысына барған жұмыс сапарында аймақта салынып жатқан металлургия орталығының перспективалары мен проблемаларымен танысты. Жобаның құрылысымен «Минералды шикізатты өңдеудің кешенді ұлттық орталығы» РМК филиалы айналысуда. Ол тікелей Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асуда.

Металлургия орталығының тәжірибелік-өндірістік учаскесінің құрылысына 305,7 млн теңге бөлінді. Паротурбиналық құрылғы дайындалуда. Көмір мен құрамында көмірі бар материалдар учаскесінің технологиялық бағытының құрылысы аяқталды. 340 тонна дайын өнім өндірілді, сараптама көрсеткендей, кокстың барлық негізгі параметрлері технологиялық регламентке сәйкес келеді. Аталмыш участок бойынша шығын құны 382,7 млн теңгені құрады.

Технологияны өңдеу,  көмірді және құрамында көмірі бар материалдарды өңдеу учаскесінің аяқталу уақыты анықталуда. Жоспар бойынша 2014 жылдың 4 тоқсанына бекітілген. 




Яндекс.Метрика