Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

ШҚО ауылдық кәсіпкерлікті қолдау онлайн-орталықтары ашылуда

«Ауылдық кәсіпкерлікті қолдау онлайн-орталығы» жобасы ШҚО әкімінің бастауымен облыстың 62 кітапханасында жүзеге асырылады.
Шығыс Қазақстан18 Қыркүйек , 09:24

Жобаның бас серіктесі – ТМД дамыту бағдарламасы, техникалық қолдау мен қондырғылардың іске қосылуына қолдау көрсетті.

«Онлайн-орталықтардың жұмысын А.С. Пушкин атындағы  облыстық кітапхана қадағалап отыр. Жобаның өзге серіктесатері – ШҚО жастар бақармасы, әлеуметтік бағдарламалар мен жүмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлікті қолдау басқармасы сынды ұйымдар. Онлайн-орталықтың ашылуы өзекті тақырыптың біріне айналды, ол халықтың белсенділігін тура және виртуалды түрде арттырады», - деді А.С. Пушкин атындағы кітапхана қызметкері Әсел Омарова.  

Онлайн-орталықта тегін тренингтер ұйымдастырылып, интернет арқылы семинар, консультациялар өткізіледі. Шаралардың өтуі қажетті мамандардың қатысуы арқылы жүзеге асады.

«Онлайн-орталықтың ашылуы экономиклық және әлеуметтік қызметтердің жылдам орындалуына өз септігін тигізеді. Бұл жерде қалаушылар интернет арқылы электронды оқытуға қол жеткізе алады. Желі арқылы медицина қызметкерлерінен кеңес алып, білімін толықтырады.Сонымен қатар, өз кәсібін тиімді бастап кетуіне көмек көрсетеді»,- деп нақтылады Ә. Омарова.

Ұйымдастырушылар жергілікті ұйым, әсіресе жастар қауымы мен әлеуметтік, экономикалық мекемелер онлайн-орталықтың жұмысына белсенді қатысады деген үмітте.

«Мәселен, тегін компьютерлік тренинг өткізу, кәсіптік жүмыс немесе өз саласы бойынша тәжірибелерімен алмасу сынды үрдістер жүзеге асады. Онлайн-орталық тұрғындарға жаңа мүмкіндіктердің көзін ашады»,- басып айтты ол.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика