Парламент

29 қыркүйекте Сенат депутаттығына үміткерлердің сайлау алды үгіттеу жұмыстары аяқталады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына үміткерлердің сайлау алды үгіттеу жұмыстары 29 қыркүйекте сағат 24:00-де аяқталады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев брифинг барысында.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 16:23

«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының  депутаттары сайлауына дайындық пен оны жүргізудің күнтізбелік жоспарына сай, 29 қыркүйекте сағат 24:00-де үміткерлердің сайлау алды үгіт жұмыстары аяқталады. 30 қыркүйек пен 1 қазанда дауыс беру күні кез келген сайлау алды үгіттеу жұмыстарына тыйым салынады. Парламент Сенаты депутаттарына дауыс беру 2014 жылдың 1 қазанында сайлаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі», - дейді ол.  

Оның  айтуынша, сайлау комиссиясының ғимаратынан тыс жерде және дауыс беру ғимараттарында бұрын ілінген баспасөздегі үгіттеу материалдары тұрған жерлерінде тұра беруіне болады. «Халық сауалнамаларының нәтижелері, сайлауға алдын ала жасалынған болжамдар, сайлауға қатысты өзге де зерттеулер дауыс беру күні мен дауыс беруден бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарына жіберілмейді», - дейді ол.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда республика бойынша Сенат депутаттығына 39 үміткер тіркелген. Тіркеу уақытында 53 үміткер  өтінім бергенімен тіркеу уақыты аяқталғаннан кейін 14 үміткер өз өтініштерімен сайлауға қатысудан бас тартты.

Үгіттеу компаниясы аясында Сенат депутаттығына үміткерлердің сайлаушылармен кездесуі кестесіне сай 11-29 қыркүйек аралығында өңірлерде 266 кездесу өткізілген.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика