Халықаралық интеграция

Атырауда Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде

Бүгін Атырауда Қазақстан мен Ресей арасындағы IX өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады. Форумның тақырыбы – "Көмірсутегі саласындағы инновациялар", деп хабарлады облыс әкімдігі.
Атырау29 Қыркүйек , 16:01

Форумның панельдік сессиясы "Көмірсутегі шикізатін өндіруді арттыру саласындағы инновациялар" және "Тасымалдау және өңдеу" тақырыптары бойынша өтеді.

Сондай-ақ аталмыш форум арасында Іскерлік Кеңестің отырысы және «Kazenergy - көшбасшылық пен инновациялар" тақырыбында жастар форумы өтуде.

«Іскерлік кеңестің отырысында «Еуразиялық интеграция: бизнес-қауымдастығының көзқарасы» және «Қазақстан мен Ресейдің мұнай-газ саласы мен мұнай-газ машиналарын жасау саласындағы әріптестігі» және «Екі ел арасында трансшекаралық өзендер арқылы кеме саласын дамыту» тақырыптары бойынша өтуде», - делінген хабарламада.   




Яндекс.Метрика