Өңірлер

Жылдың басынан бастап шаруаларға 222 мың тегін консультациялық қызмет көрсетілді-ҚазАгро

Биылғы жылдың басынан бері «Қазагромаркетинг» АҚ шаруаларға 222 мың тегін консультациялық қызмет көрсетті.
Казахстан29 Қыркүйек , 15:28

«Биылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 222 мыңнан астам тегін консультациялық қызмет көрсетті.  Оның ішінде 195 мың консультация «дербес қызмет көрсету» келісім шарттарының негізінде, ал 27 мың консультация тауар өндірушілердің компания өкілдіктеріне ақпарат алу мақсатында тікелей келуі, телефонмен немесе электрондық пошта арқылы хабарласуы нәтижесінде ұйымдастырылған», - делінген хабарламада.  

Биылғы жылдың басынан бері «Дербес қызмет көрсету» бағдарламасының тұтынушыларын ең көп қызықтырған мәселе – бұл нарықта ағымдағы жағдайда қалыптасқан бағалар туралы ақпарат (53 мың консультация). Сонымен қатар, неғұрлым сұранысқа ие ақпарат ретінде алдағы оқыту семинарлары, таныстырылмдар  мен көрме-жәрмеңке іспетті іс-шаралар күнтізбесін (46 мың консультация), одан қалды агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау мен агробизнесті дамытудың мәселелері (39 мың консультация) тақырыптарын айтуға болады.

Жоғарыда көрсетілгендей, келісім шарт негізінде ақпараттық қызмет көрсетуден өзге «Қазагромаркетинг» АҚ тұтынушылар компания өкілдіктеріне тікелей келіп, телефонмен немесе электрондық пошта арқылы байланысып кеңес сұрағанда да консультация жүргізеді. 




Яндекс.Метрика