Инфрақұрылымның дамуы

Қостанайда конькимен жүгіру стадионы ашылды

Қостанайда облыс басшысы Нұралы Сәдуақасов конькимен жүгіру стадионын салтанатты түрде ашып, жас спортшыларға спорт кешенінің кілтін тапсырды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қостанай29 Қыркүйек , 15:12

«Облыстың спорттық өміріндегі осынау айтарлықтай оқиға биылғы жылдың ақпан айындағы Қостанай қаласының әкімдігі мен «Фаэтон» компаниясы» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның жемісі болып отыр. Меморандум аясында мекеме стадионды, әкімшілік ғимаратты, асфальт төсемесін қалпына келтіру міндетін мойнына алып, жасанды шөпті шағын футбол алаңын абаттандыратын болды. Сонымен қатар, 300 орындық көрермендер орнын да салу туралы келісімге келді», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде конькимен сырғанау, велосипед спорты мен жеңіл атлетика спорттарының түрлері бойынша жеткіншектердің шынығуы мен облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі үлкен жарыстарға дайындалуына айтарлықтай жағдай жасалынды.




Яндекс.Метрика