Өңірлер

ШҚО-да Туризм күнін мерекелеуге 8 елдің өкілі қатысты

ШҚО-да халықаралық туризм күнін мерекелеу барысында облыстың туристік әлеуеті таныстырылды.
Шығыс Қазақстан29 Қыркүйек , 19:24

ШҚО Ақпараттық орталығы хабарлағандай, шараға Түркия,Филиппин,Ұлыбритания, ОАР, АҚШ,Швейцария сондай-ақ, РФ пен ҚХР туристік компаниялары қатысты.

«Шығыс Қазақстан табиғи ландшафтық әсемдігімен  ерекшеленеді. Бұл жергілікті халықты қуантатын біздің ортақ мақтанышымыз», - деді ШҚО әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.

Н.Сақтағановтың айтуынша, ШҚО-да облыс пен Еурокомиссия арасында түзілген меморандум бойынша, ауылдық туризмді дамыту бойынша ірі жоба жүзеге асырылуда.

Жобаны Еуропалық кеңес қаржыландыруда, ол Катон-Қарағай, Күршім аудандары және Риддер қаласында жүзеге асырылуда.

Шара барысында облыстың үздік туристік ұйымдары марапатталды. Қала жастары мен белсенділері студенттер ұйымдастырған көңіл-көтеру шараларына қатысты. 




Яндекс.Метрика