Ұлтаралық бірлік

Астанада АӨСШК елдері халықтарының ұлттық-мәдени форумы өтеді

Ертең Астанада АӨСШК елдері халықтары ұлттық-мәдени орталықтарының «АӨСШК кеңістігінде бейбітшілік, сенім мен руханият мәдениеті» атты форумы өтеді, деп хабарлайды «Бәйтерек» медиа орталығы.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 14:52

Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастырып отырған шараға атақты қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар, Парламент депутаттары, ҚР Мемлекеттік органдарының өкілдері, Қазақстандағы АӨСШК елдерінің дипломатиялық миссиясы, зиялы қауым өкілдері, Ассамблея мен этномәдени бірлестік, ҮЕҰ мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.

Форум барысында АӨСШК кеңістігінде ұлтаралық толеранттылықты нығайту, ғылыми-сараптамалық қауымдастық ынтымақтастығы талқыланып, мәдени алуандылық пен мәдениетаралық диалогты сақтау мен дамыту бойынша ұсыныстар қаралады.

«Шара қорытындысы бойынша АӨСШК ұйымына мүше мемлекеттердің мәдени алуандылық пен мәдениетаралық диалогты сақтау және дамыту саласындағы жұмыстарын ары қарай жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылып, ынтымақтастықты дамытудың азаматтық институты мен біріктіру алаңы құрылады», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика