Инновациялар

Алматы маңынан пәтер алу үшін 5 минуттың ішінде 520 онлайн-өтінім келіп түсті – «Самұрық Қазына» АҚ

Бүгін сағат 10.00-де «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде Алматы маңында «Асыл арман» тұрғын кешенінен пәтер алуға Интернет арқылы өтінім қабылдауды бастады.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 14:32

Өтінімдерді қабылдау рәсімін жеңілдетіп, сатып алушылардың кезегін қалыптастыру кезінде адами фактордың әсерін болдырмау үшін Қазақстанда алғаш рет www.fnsk.kz сайтында онлайн-өтінімдер қабылдайтын инновациялық интернет-жоба іске қосылды.

«Жалпы алғанда, кейіннен сатып алу құқығымен жалдау арқылы өткізу үшін 1609 пәтер, ал сату үшін 91 пәтер қойылды. Пәтер алуға өтінім жіберу үшін пайдаланушылар ЭСҚ көмегімен www.fnsk.kz сайтына тіркелуі қажет болатын», - деп хабарлады Қорда.

Өтінімдерді қабылдаудың белгіленген мерзімінде барлық тіркелген пайдаланушылар үшін пәтер алуға өтінім жіберу мүмкіндігі бір мезгілде ашылды. Кезектілік электрондық өтінімнің қабылданған уақыты бойынша автоматты түрде құрылды. Бұл ретте өтінім белгілі бір пәтер түріне берілуі тиіс болатын.

 «Бүгінгі күні www.fnsk.kz сайтына 5000-нан астам адам тіркелді. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап алғашқы 2 секунд ішінде 419 өтінім, 5 минут ішінде – 520 өтінім қабылданды. Демек, таусылмайтын кезек мәселесі, уақыт пен ақша жою мәселесі шешілді деуге болады», - деді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Аппарат жетекшісі Рүстем Бектұрымов.

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күні мен уақыты: 2014 қазан сағат 10.00 (Астана уақыты бойынша). Пәтер алу туралы өтінімдер Алматы облысы Қарасай ауданында баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетін адамдардан қабылданады.




Яндекс.Метрика