Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Kazakhstan OnLike-2013 Халықаралық Медиаконгресі

19 қыркүйек күні Алматы қаласында ҚР Журналистер Одағы, Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсеткен Қазақстанның Интернет қауымдастығы мен ҚР Президентінің жанындағы ОКҚ ұйымдастырған Kazakhstan OnLike-2013 Халықаралық Медиаконгресі өтеді.
Астана қаласы19 Қыркүйек , 20:24

Шараға Қазақстандық БАҚ-ның бас редакторлары, интернет-ресурс қожайындары мен медиасарапшылар, саясаттанушылар, блоггерлер, баспасөз орталықтарының хатшылары қатысады.

Спикерлер ретінде Қазақстан, Ресей және Украина елдерінің медиасарапшылары қатысады: Ашот Габрелянов (News Media), Александр Амзин (Lenta.ru), Валерия Тищенко (Snob.ru), Алексей Аметов (Look At Media), Иван Давыдов (Slon.ru), Батыр Қазыбаев («Алаш Медиа Групп»), Асқар Туғанбаев (медиапродюсер), Рауан Кенжеханұлы (CEO Bilim Media Group), Санжар Кеттебеков (Segment Interactive), Александр Комаров (Beeline).

Медиаконгресте талқыланатын тақырыптар:

«Жаңа медиа мен саяси коммуникациялар»;

«Экономикажағы жаңа медиакоммуникациялар»;

«Жаңа БАҚ бизнес моделі»;

«Масс-медиа эволюциясы: қағаздан санға көшу»

Kazakhstan OnLike-2013 Медиаконгресі тәжірибе алмасу, жаңа кәсіптік қарым-қатынас орнату және медиаортада кәсіптік байланысты орнатудың  негізі болмақ. Шара журналистика саласында жаңа салалардың дүниеге келуіне үлесін қосады.

  

 




Яндекс.Метрика