Өңірлер

2014 жылғы астықтың сапасы өткен жылдыкімен салыстырғанда жоғары – Хасенов

2014 жылғы астықтың сапасы өткен жылдыкімен салыстырғанда жоғары, деп мәлімдеді бүгін ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.
Астана қаласы 29 Қыркүйек, 13:31

«Ауа-райы салдарынан егістік ору жұмыстары тоқтап қалды. Алайда, алдағы екі аптада республикадағы барлық егістік алқаптар орылып бітеді деп күтілуде. Жоспар бойынша 17 млн тонна астық жиналмақ. Өткен жылғымен салыстырғанда егіннің шығымы гектарына 1,2 центнерге аз, бірақ сапасы жақсы», - дейді С.Хасенов.

Комитет төрағасының хабарлауынша, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында ору науқаны аяқталды. Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында егістік аяқталуға жақын.

«Елімізді нанмен қамтамасыз ететін негізгі өңірлер Қостанай, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан  облыстарында егістік жұмыстары жалғасуда. Элеваторға өткізілген 1,7 млн тонна бидайдың 1,5 млн тоннасы үшінсі сыныпты бидай. Бұл жаман көрсеткіш емес», - дейді ол.

Комитеттің хабарлауынша, бүгінгі таңда республикада 214 ұн қабылдау пунктері жұмыс істейді, олардың жалпы сиымдылығы 14 млн тоннаға жетеді. Сонымен қатар, тағы да 11,6 млн тонна бидай қабылдайтын қамба бар. Барлығын қосқанда елімізде 25,7 млн тонна қор жинауға мүмкіндік бар.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика