Өңірлер

Қазақстанда жеміс-көкөністерді сақтау көлемі 1 млн 100 мың тоннаны құрады – АШМ

Қазақстанда жеміс-көкөністерді сақтау көлемі 1 млн 100 мың тоннаны құрады.Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлiмдедi.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 13:14

«Республикада  жеміс-көкөністерді сақтау көлемі 1 млн 100 мың тоннаны құрайды. Бір  уақытта астықты сақтау көлемі жеткілікті, алайда жыл өткен сайын көкөніс пен жеміс жидектердің өнімі артуда», - деді ол.

Ол атап өткендей, жыл сайын арзандатылған несиелендіру арқылы елде жеміс-көкөністерді сақтайтын қосымша қоймалар салынады.

«Жыл сайын ҚазАгро бағдарламасы бойынша арзандатылған несиелерді қолдану арқылы жеміс-көкөністерді сақтайтын  нысандарды салу жүргізілуде, мәселен, осы жылы қосымша 25 мың тонна сиымдылық енгізілді, бұл жұмысты одан әрі жалғастыру қажет», - деді С.Хасенов.  

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика