Өңірлер

2014 жылы Қазақстанда 17 млн тонна астық жиналады – АШМ

2014 жылы Қазақстанда шамамен 17 млн тонна астық орылмақ, деп мәлімдеді бүгін ҚР АШМ АӨК-дегі Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Астана қаласы 29 Қыркүйек, 13:06

Комитет төрағасының айтуынша, биыл 17 млн тонна көлемінде астық ору жоспарланып отыр. «Еліміздің бір жылда тұтынатын астық көлемі шамамен 6 млн тоннаны құрайды. Бұл өз кезегінде жоспарланған 7 млн тонналық экспортты жабуға да жетіп артылады», - дейді комитет төрағасы.

Бүгінгі таңда Ақтөбе, Жамбыл, Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ору науқаны аяқталды. Шығыс Қазақстан облысы мен Қарағанды облысы да егістікті әне-міне бітуге жақын.

Сонымен қатар, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында егістік әлі жиналып жатыр. «Ауа-райы салдарынан аталмыш облыстарда жұмыстар тоқтап тұр. Сондай-ақ,  қажетті техниканың санын ескерсек, элеваторлар мен құрғату орындарының көлемін есепке алсақ, алдағы екі апта ішінде барлық егістік орылып бітеді деп отырмыз», - дейді ол.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика