Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

СҚО-да дуалды оқыту бойынша 2 мыңнан астам маман дайындалады

Солтүстік Қазақстан облысында дуалды оқыту бойынша 2 мыңнан астам маман дайындалады. Бұл туралы СҚО КП жұмыс тобы ТжКБ ұйымдарының оқыту жоспарына өзгертулер енгізу мақсатында аймаққа жасаған сапары барысында мәлім болды.
Солтүстік Қазақстан29 Қыркүйек , 14:01

ҚР ҰКП хабарлағандай, қазіргі таңда облыста дуалды оқыту жүйесі бойынша 8 колледж жұмыс істейді. 2016 жылға дейінгі жол картасына сәйкес, олардың санын 12-ге жеткізу жоспарланған. 2014-15 жылдары облыста 6 басым бағыт анықталған – «Металлургия және машина жасау», «Транспорт, құрылыс және коммуналдық шаруашылық», «Сервис, экономика және басқару», «Энергетика және электр энергетикасы», «Ауыл шаруашылығы, ветеринария эәне экология».

Бүгінгі таңда колледжерге  оқытудың жұмыс жоспарына өзгертулер енгізу қажет болады, олар тәжірибелік оқытуды 60 пайызға жеткізулері тиіс. Ұзақ уақытқа созылған пікірталастан кейін  кеңеске қатысушылар бір шешімге келді. Ол жалпыкәсіптік және арнайы цикл пәндері бойынша лабораторлық-тәжірибелік сағаттарды көбейту.

«СҚО-да дуалды оқытудың жол картасы бойынша 2220 адамды дайындау қажет. Өкілдерден осынша адамды қайдан жинау керек деген сұрақ туғанда, СҚО КП директорының орынбасары В.Литвиненко әр колледжден курстық дайындау, біліктілікті арттыру, кадрларды дайындау  бағытындағы бір топтан алып  дайындық жүргізу керектігін айтты. Бұл топтар дуалды оқыту бойынша кешке таман да оқытылатын болады. Қатысушылар құрамында жұмыссыздар мен кәсіпорын қызметкерлері де бар», - делінген хабарламада.

 

 

 




Яндекс.Метрика