Адами капитал

Қазақстанда Қарулы Күштердің үздік сержанты анықталады

«Отар» 40-шы әскери базасында «ҚР Қарулы Күштерінің Үздік сержанты» атағына кезекті VI Бүкілармиялық байқауы басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Жамбыл29 Қыркүйек , 12:39

Әскери қызметшілер өңірлік қолбасшылық, бригада, батальон, рота, взвод және бөлімше үздік сержанты атағы үшін сайысатын болады.Номинация бойынша үздік механик-жүргізушіні, атқышты, көздеуші-радиотелеграфисті, саперді, дәрігерді анықтау міндеті тұр.   

«Сержанттар әскери-спорттық жарыстан, жекпе-жек ұрыстан, жауынгерлік машиналарды жүргізуден, атыс даярлығынан, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғанудан әскери топографиядан білімдерін, шеберліктерін көрсететін болады. Маңызды сайыстың қатарында – әдеби-көркем байқауы бар», - делінген хабарламада.

Аталмыш байқау әскери қызметтің беделін арттыруға, әскери бөлімдер мен Қазақстан армиясының құрамаларындағы озық тәжірибені таратуға бағытталған.

Төрелік етуші комиссияға ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор М.Алтынбаев жетекшілік етеді.

«ҚР Қарулы Күштерінің Үздік сержанты» атағына арналған байқау  биылғы жылғы 4 қазан күні аяқталады.




Яндекс.Метрика