Өңірлер

Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға 2,5 млрд теңге бөлінді

Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға биыл 2,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Ақмола29 Қыркүйек , 12:32

Өңірлік үйлестіру кеңесі тарапынан биыл пайыздық үстемені субсидиялау бойынша құны 7,8 млрд теңге болатын 37 жоба мақұлданды. Бұл өз кезегінде мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік берді.

Сонымен қатар өңір халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2014 жылы 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Нәтижесінде 32 ауылды ауыз сумен қамтамасыз етті.

«Биыл 14 сумен қамту нысанын салу жоспарланған. Қолға алынған шаралар нәтижесінде халықтың орталық сумен қамту желілеріне қолжетімділік деңгейі 56,6%-дан 59,2%-ға дейін артып, тасып ішетін халық саны 4,9%-дан 4,4%-ға азайды», - деп хабарлайды әкімдік.




Яндекс.Метрика